Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2021

Алматыда 30 градусқа дейін ыстық күтіледі

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер Алматыда 30 градусқа дейін ыстық күтілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 30 градусқа дейін ыстық күтіледі

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, мегаполисте күздің басы жылы болады.

«14-15 қыркүйекте Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде 13-17, күндіз 26-30 градус жылы болады. 16 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 градус жылы болады», деп хабарлады метеорологтар.

Синоптиктер атап өткендей, күзгі салқындық пен жаңбыр Қазақстанның солтүстік бөлігіне келеді.

«Республиканың солтүстік аймақтарында әлі де салқын және желді болады, жаңбыр жауады. Бұған солтүстік-батыс циклонның қуысымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ықпал етеді. Еліміздің қалған аумағында жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады», деп хабарлады «Қазгидромет».