Ел және Елбасы • 13 Қыркүйек, 2021

Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ағымдағы жылдың 8 айындағы жұмысының негізгі нәтижелері туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Президентке биылғы Жолдауды іске асыру және оның тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады. Марат Ахметжанов агроөнеркәсіптік сектордағы субсидиялау саласын кешенді талдаудың алдын ала қорытындылары және нақты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері туралы хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдын алу шараларын белсенді қолдана отырып, жүйелі және тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдерін жетілдіру жөніндегі жұмыспен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Марат Ахметжановқа бірқатар нақты тапсырма берді.