29 Қаңтар, 2014

Қажылық табыс көзіне айналмасын!

266 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

DSC 0578Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қажылар қауым­дастығының өкілдерін және қажылық компания басшыларын ұлы сапарды табыс көзіне айналдырмауға шақырды.

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қажылар қауым­дастығының өкілдерін және қажылық компания басшыларын ұлы сапарды табыс көзіне айналдырмауға шақырды.

DSC 0578

ҚМДБ төрағасы мүфтиятта өткен басқосуда Қазақстан қажы­лары қауымдастығына, фирма жетекшілеріне қажылық сапарын жетілдіру жұмыстарына қатысты бірнеше мәселені шешу­ге пәрмен берді. Атап айтсақ, біріншіден, қажыға баратын отандастарымызды жаппай сауаттандыру, олар­ға ағартушылық бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Екіншіден, жерлестерімізді Діни басқарманың діни әдебиеттерімен қамтамасыз ету. Үшіншіден, қажылықты табыс көзіне айналдырмау, керісінше, сауапқа кенелуді көздеу. Төртіншіден, қайырымдылық бағытта қар­жылық мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қажылыққа тегін апару. Бесіншіден, халық арасында ұлық сапардың мәні мен маңызын түсіндіру үшін арнайы кездесулер, фильмдер, бейнероликтер шығару.

«Қажылықты насихаттау жұмысы жанданса, халқымыз Алланың үйі – Қағбаға баруға ықылас танытады. Қажылық – теңдессіз сауапқа кенелетін сапар. Сондықтан бұған аса жауапкершілікпен қарауымыз керек. Иман жолына түсе алмай жүрген қаншама бауырларымыз қажылықтан кейін жаңа өмір бас­тайды. Мінезі түзеліп, иманы артады. Біз осыған мән беруге тиіспіз. Қажылық табыс табу емес, ол сауапқа бөлену. Осыны ойлайық», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Қазақстан қажылары қа­уым­дастығының өкілдері Бас мүфтидің бұл бастамасын қолдайтынын жеткізді. Бұл игі іс-шаралар ҚМДБ-ның қажылық бөлімімен бірлесе атқарылатын болады.

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,

ҚМДБ баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар