Теннис • 14 Қыркүйек, 2021

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нью-Йоркте өткен АҚШ-тың ашық біріншілігі аяқталған бетте теннисшілердің әлемдік рейтингі қайта жаңарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды

Қазақстанның ойыншылары арасында ең үздік нәтиже Елена Рыбакинаға тиесілі. WTA рейтингінде ол 17-орынды иеленген. Нью-Йорктегі жарыста жерлесіміз үшінші кезеңге дейін жеткен еді. Еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева бірден 11 сатыға төмендеп, қазіргі кезде ол 44-орынды қанағат тұтуда. Зарина Диас 105-орынды еншілеуде. 

АТР рейтингінде Александр Бублик 34-сатыға табан тіреді. Бұл оның спорттық мансабындағы ең үздік көрсеткіші. Өкінішке қарай, өзге отандастарымыздың нәтижесі уақыт озған сайын нашарлап келеді. Мәселен, танымал теннисші Михаил Кукушкин 142 орынға жайғасты. 

Ерлер арасындағы үздіктер тізімін сербиялық Новак Джокович, ресейлік Даниил Медведев және грекиялық Стефанос Циципас бастап тұрса, әйелдер сайысында аустралиялық Эшли Барти, беларуссиялық Арина Соболенко және чехиялық Каролина Плишкованың өзгелерден көші ілгері.  

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25