30 Қаңтар, 2014

Іс пен сөзде алшақтық көп

234 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Көріп жүргеніміздей, өз жеке ісін құрып, біржола кәсіп­керлікпен шұғылдануға талпынушылар біразының әлі де жолы оншалықты оңғарылмауы аз кездеспей отырған жайт. Былай алып қарағанда, оларға барлық жағдайлар жасалып, қолдау көрсетіліп жатқандай көрінгенімен, кедергілерге реніштілер сирер емес. Солардың бірі – «Қарқаралы АТП» ЖШС директоры Мәдияр Шамшиев. Кейбірімен тілдесуде аңғарылғандай, тиісті орындар тарапынан енжарлық пен самарқаулық адым аштырмайды. Жұмыстың басқа да буындарымен қабаттасып, ұштасуы алдымен өз мүдделерін көздеушілердің талаптарына байланысты өндімеуі, әсіресе, жиі ұшырасар қолбайлау демеске лажың жоқ.

Мәселен, жоғары оқу орнын бітірісімен мамандығы бойын­ша автокөлік түрлерін жөн­деу ісін құрмақ болған жоғарыда аталған жас жігіттің тауы бірден шағылған. Неге? Электр қуатымен жабдықтаушы «КРЭК» компаниясының жергі­лікті тармағы өз қызметтері үшін қымбат баға белгілеп аяқ­тан бір шалса, инженерлік ком­му­никациялардың тартылмауы­ және етектен тартқан. Осы жайлар айтылып, түсіністік танытылуы өтінілгенімен, ешкімнің де құлақ аспауы ақыры бастап­қы­да еңбекке қамтылған 50 жұ­мысшыны 5-еуге дейін қыс­қар­туға мәжбүр еткен. Енді үлкен үміт күткен іс құлдырағалы тұр.

Жақында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында болғанда білгеніміздей, соңғы кезде облыста жеке кәсіпкерлікті жолға қою мақсатында несие алушылар саны едәуір азайыпты. Бұрын оған жұрт таласып-тармасып жатушы еді. Талабын таудай қылуға ынта төмендеуі қалай? Сөйтсек, тайсақтап-тартынудың еш жұмбағы жоқ екен. Жеңілдік несиеге қолдары жеткенімен, қаржы қайтарымына сенімсіздік қинайтын көрінеді. Әрі қарай ілгерілетуге өз мүмкіндіктері шамалы қаптаған қиындықтардың қол байлауынан үркиді. Соның салдарынан Қарқаралы, Ұлытау, Шет аудандарында несие алушылар мен қолдау қаражаты бөлінгендердің оны игермеуі ұшырасып жатыр. Елбасы Жолдауында «Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек» деп атап көрсетілгендей, ауыл кәсіпкерлеріне ережелер мен қағидаттарды жөн-жосықсыз қыстырмалай беру де қаймықтыруын білеміз.

Мұның, сондай-ақ, мынадай да себебі бар. Шағын және орта бизнесті қалыптастыруға ниеттенушілер көбі жолын біл­мей­ді. Былайша айтқанда, несиені ұқсата алмайды. Мұндай істі ұйымдастыруды, есеп-қисапты жүргізуді жетік білмейтін жандар тым болмаса қысқа мерзімді курстарда оқыту немесе көшпелі ақпараттық-насихаттық топтар кеңестеріне қамту тәрізді шаралардан бейхабар. Ал мәліметтерге қарасаңыз, басқаша. Міне, тағы бір қисынсыз жағдай осы.

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ҚАРАҒАНДЫ.

Соңғы жаңалықтар