Руханият • 14 Қыркүйек, 2021

Ілияс Есенберлиннің кеңес үкіметі тыйым салған романы жарық көрді

910 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің толық әңгімелер жинағы басылып шығарылды. Оқырмандар назарына бұрын-соңды жарық көрмеген туындылар ұсынылады, деп жазады Egemen.kz.

Ілияс Есенберлиннің кеңес үкіметі тыйым салған романы жарық көрді

«Жинаққа Ілияс Есенберлиннің «Мұхиттан өткен қайық» атты үлкен романы да енді. Бұл туындыға жазушының көзі тірісінде кеңес уақытында цензурамен тыйым салынған болатын», деп хабарлайды Іияс Есенберлин атындағы қор.

Есенберлин өз шығармасында кеңес билігі мен Қазақстан халқы арасындағы өзара байланысты, Дінмұхамед Қонаев пен басқа да зиялы қауым өкілдерін мысал етіп бейнелеген.

«Ілияс Есенберлиннің еңбектерін зерттеп-танымайынша қазақ тарихын толық танып-білу мүмкін емес. Біз ата-бабамыздың күрделі, алайда ерлікке толы жүріп өткен жолын мәңгі есте сақтауымыз керек. Жазушының «Көшпенділер» трилогиясы және «Алтын Орда» романы біздің тарихты қалпына келтіруге үлкен ықпал етті. Қазақ халқының патриоттық рухын көтеретін Ілияс Есенберлиннің туындылары біздің қасиетті жеріміздің тарихына деген қарым-қатынасты қастерлеуге үйретеді»,  деп жазылған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың оқырмандарға арналған үндеуінде.

Шығармалар жинағына «Аққу құстар қуанышы» мен «Алыстағы аралдар» атты бұрын орыс тіліне аударылмаған, кеш жазылған романдары да енді. Жинаққа сондай-ақ поэмалар мен өлеңдер және Брусиловский мен Байқадамовтың музыкасына жазылып, 50-ші жылдары жарық көрген әндер мәтіні де енген.

Ілияс Есенберлиннің шығармашылығы Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде кеңінен танымал. Оның кітаптары әлемнің 30-дан астам тіліне аударылған, кітаптарының жалпы таралымы 7 миллионға жуық.