Теміртау қаласының полицейлері төбелеске қатысушылардың бірін ұстағанын айтты.
«Қазіргі уақытта Теміртау қаласы ПБ Старород полиция бөлімінде ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жедел іс-шаралар өткізу барысында төбелеске қатысты 16 жастағы жігіт ұсталды. Ол кінәсін толық мойындады. Жанжалдың қалған қатысушылары мен оқиғаның мән-жайы анықтауда», деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.