Осыдан екі-үш жыл бұрын «Қазақстан» арнасынан ұлттық бояуға бай, қазақы иба мен дәстүрді сақтаған «Отыңды өшірме» деген телехикая көрсетіліп, көрермендер оны өте жылы қабылдады. Телехикаяда өмірде жиі кездесетін, өзіміз де көріп жүрген оқиға бейнеленген. Бірақ фильмнің түпкі мәні адамға ой салады.

Өмірде біреуге жасаған қиянаттың қарымтасы бар екендігін түсінесіз. Осы туындыдағы басты рөлдің бірі – Азатты елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының жас актері Ерғұлан Жанпейісов ойнады. Иі жұмсақ, момындау, өз пайымы аз ұлдың бейнесі жұртшылыққа жақсы әсер қалдырды. Шын мәнінде, осы рөл оның актерлік талантын елге танытты.
Ерғұлан − Қарағанды облысы Балқаш қаласында өмірге келіп, кішкентайынан өнерге жақын болып өседі. Облыстық, қалалық Абай, Мұқағали, Оралхан Бөкей оқуларына қатысып, жүлдегер атанады. Бала деген арманшыл ғой, бірде ғарышкер, енді бірде инженер болсам деп армандайды. Мектеп бітіргеннен кейін ата-анасы «программист бол» деп, соның оқуын оқытады. Оны қызыл дипломмен аяқтап, туған шаһарында «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы, қала әкімдігінде маман секілді қызметтерді атқарып, түрлі мәдени іс-шаралардың басы-қасында жүреді. Тіпті бірде қаланың өнерлі жастары бірігіп, спектакль қояды. Сондай бір қойылым үстіне келіп қалған Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушылары солардың ортасында ерекше көзге түскен Ерғұланға: «Сен біздің академияға келіп, актерлік оқуға түс, ол сенің қолыңнан келеді» деп ұсыныс айтады. Бұл оған ой салады әрі таныстары да: «Жақсы мүмкіндік, барып бағыңды сынап көр» деп жігерін қайрайды. Сөйтіп, ол Алатаудың етегіндегі әсем қаланы емес, Арқа төсінде арудай жайнап, құлпырып өсіп келе жатқан астанаға баруды ұйғарды. Сол шешіммен елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің театр факультетіне оқуға түсіп, тамаша актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақыш Омардың курсына қабылданды.
Талапты жас студент кезінен бірқатар қысқаметражды фильмдерге түсіп, киноның қыр-сырын меңгереді. Бірақ жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін елордалық Каллеки театрына жұмысқа қабылданып, алғашында қатардағы құрамда, шағын эпизодтарда ойнап жүреді.
Театр сахнасы – киелі әлем. Өйткені онда көрерменге актердің шеберлігі, шынайылығы анық көрінеді. Сахнада артық қимыл, лепірме сөзге орын жоқ. Ерғұланның алғашқы рөлі ағылшын драматургі Рэй Кунидің «Туған күн» комедиясындағы Дэвенпорт бейнесі болды. Бұл өзі комедия болғанмен, астары қалың, қатпарлы шығарма. Мұнда ақша атты құдіреттің адам баласының мінез-құлқын әп-сәтте өзгертіп жіберетін күшін ашып көрсеткен. Дэвенпорт ақша табу үшін неше түрлі айлаға барып, елді алдап жүреді. Былай айтқанда, алаяқ. Осы кейіпкерді Ерғұлан өз қиялымен байыта түсіп, көрерменге әсерлі жеткізді. Одан кейін Италия драматургі Фурио Бордонның «Қардағы көгершіннің ізі» моноспектаклінде кейіпкердің баласын ойнайды. Бұл қойылым көрнекті актер Тілектес Мейрамовтың жетпіс жылдық мерейтойына орай сахналанды. Басты рөлдегі жалғыздықтан жапа шеккен қартты Тілектес ағаның өзі сомдады. Осы қойылым Ерғұланды жаңа бір қырынан танытты. Тәжірибесі мол актермен сахнада қатар ойнап, үлкен тәлім алды.
Бұдан соң жоғарыда айтып өткен италиялық драматургтің белгілі режиссер Әлімбек Оразбеков сахналаған «Байланыс аясы… 16+» қойылымындағы сабырлы, байсалды кейіпкер – Рокконы ойнады. Бұл кейіпкердің де образын сәтті аша білді.
Биыл Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығына орай Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрында сахналанған жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанованың «Бопай ханым» тарихи трагедиясында ол жас Әбілқайырды сомдап, көрермендердің ықыласына бөленді.
Ерғұлан Жанпейісовті театр мен киноны қатар алып жүрген, қос қанатты актер деп айтуға болады. Әсіресе оны кино сүйер қауым «Топыраққа тамған тер», «Отыңды өшірме» телехикаялары арқылы жақсы біледі.
– «Отыңды өшірме» телехикаясында актерлік құрам мықты болды. Бәрі де өз рөлдерін керемет орындады. Бұл сериал мен үшін үлкен мектеп болды. Мұндағы басты кейіпкер – Азат деген жігіт анасының айтқанынан шыға алмайды. Ынжықтау, еркелеу. Бірақ өмірде мен ондай емеспін, өзіме сенімдімін. Кинода «келіншегімді» көп ренжітемін, соны «рас» деп ойлаған кейбір көрермендер әуежайда, вокзалда кездесіп қалғанда: «Сен қандай оңбағансың, әп-әдемі әйеліңді қор қылып, тастап кеттің» деп ренішін айтып жатады. Енді ол кино ғой. Ол кісілердің алдында не деп ақталарымды білмеймін. Сөйтіп, екінші «Бекежан» бола жаздадым, – деп күледі.
Жалпы, Ерғұланның өнер жолында жетсем дейтін арманы көп, ол театр сахнасында әр жанрдағы кейіпкерлерді сомдағанды жақсы көреді. Әсіресе оған айбарлы, айбынды тұлғалардың бейнелері көбірек ұнайды...
Ақтөбе тұрғынынан ақша бопсалаған күдікті қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 19:12
Мюнхенде Қазақстан-Бавария инвестициялық дөңгелек үстелі өтті
Қазақстан • Бүгін, 18:58
БҚО тасжолында жол апатынан екі бала зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 18:55
«AMANAT» партиясының кадрлық ресурсы жеткілікті – Ерлан Қошанов
Қоғам • Бүгін, 18:46
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айтты
Президент • Бүгін, 18:19
Анталияда тоғыз құмалақ пен асық атудан жарыс басталды
Спорт • Бүгін, 18:07
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:46
Қазақстан мен Эстония екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
Қазақстан • Бүгін, 17:40
Елорда дамудың жаңа үлгісіне көшуі тиіс – Президент
Президент • Бүгін, 17:40
Әскерилер Үштөбе тұрғындарын өрттен құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 17:34
Президент елорданың жаңа Бас жоспарын әзірлеуді тапсырды
Елорда • Бүгін, 17:21
Елорда айналасында азық-түлік белдеуі қалыптасады
Елорда • Бүгін, 17:19
Елорда аймағы еліміздің экономикалық тірегіне айналуы керек - Тоқаев
Елорда • Бүгін, 17:17
Астанада балабақша кезегінде 45 мың бала тұр
Қоғам • Бүгін, 17:10
Астананың әр ауданында кітапханалар ашылады
Елорда • Бүгін, 17:06
Президент: Бөлінген қаржы тиімсіз жұмсалады
Білім • Бүгін, 17:05
Астанада 600-ден астам білікті дәрігер жетіспейді
Медицина • Бүгін, 17:01
Үш жыл ішінде Астананы абаттандыруға 45 млрд теңге бөлінген
Президент • Бүгін, 17:00
Елордадағы перзентханаларда орын тапшы
Елорда • Бүгін, 16:54
Астанада жастар арасында жұмыссыздық деңгейі өте жоғары
Елорда • Бүгін, 16:53
Президент елордалықтардың тұрмыстық мәдениетіне қатысты пікір білдірді
Қоғам • Бүгін, 16:48
Президент елордада көпжылдық өсімдіктердің үлесін арттыруды тапсырды
Елорда • Бүгін, 16:47
Президент: Көлік тұрағы болмаса, бір де бір үй салынбауы керек
Елорда • Бүгін, 16:43
Мардымсыз құрылыс бастаған лауазым иелері жемқорлық бойынша жауапқа тартылады
Президент • Бүгін, 16:39
ЭКСПО аумағы қаңырап бос жатыр - Президент
Елорда • Бүгін, 16:38
Астанада саябақтар жетіспейді – Мемлекет басшысы
Елорда • Бүгін, 16:36
LRT жобасы негізінен қате болды – Президент
Президент • Бүгін, 16:34
Елордада көлік саласын дамыту жұмысы ақсап тұр – Президент
Елорда • Бүгін, 16:26
Астанадағы 200 үй тұруға жарамсыз
Елорда • Бүгін, 16:22
Үкімет мемлекеттік реттеу шараларын қатаңдатуы керек - Тоқаев
Президент • Бүгін, 16:22
Президент Үкімет пен әкімдікке газдандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Елорда • Бүгін, 16:20
Астана су қоймасын сумен қамтамасыз ету шаралары ұлғайтылады
Президент • Бүгін, 16:17
Президент елордадағы ЖЭО-3-ті іске қосуды тапсырды
Президент • Бүгін, 16:10
Президент Астананың әлеуметтік салаға қатысты мәселелерін атады
Президент • Бүгін, 16:04
Орал қаласындағы мектепте өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:58
ШҚО-да интернет алаяқтар тобы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 15:53
Президенттің төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтеді
Президент • Бүгін, 15:48
Пәкістандағы жарылыстан көз жұмғандар саны өсті
Әлем • Бүгін, 15:46
«KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалының директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:43
Ұқсас жаңалықтар