Өнер • 15 Қыркүйек, 2021

Сұлулыққа іңкәр суретшілер

806 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында қалалық «Самоцветы» клу­бы­­ның құ­рылғанына 50 жыл толуы­на ар­нал­ған «Қазақстан өнеріндегі есім­дер» атты мерейтойлық сурет көрмесі ашылды.

Сұлулыққа іңкәр суретшілер

1971 жылы Алматы облыс­тық кәсіп­­одақтар кеңесі өңірлік өнер­паз сурет­шілер бірлестігін құрып, оған «Само­цветы» деген ат берген кезден бас­тап өнер әлемінде өз сүрлеуін қа­лыптас­тыр­ған ұжымның тарихы басталды. Кейі­нірек белгілі бол­ғандай, 400-ден астам суретшінің шы­ғармашылық ұясына айнал­ған бұл ұйым КСРО-дағы ең ірі өнер ұжымдарының бі­рі болды. Суретшілерді бірік­тірген – өздерінің өнерге деген сүйіс­­пеншілігі мен жасампаздыққа деген ұмтылысы. Айталық, «Са­мо­цвет­тің» өзі Бүкілодақтық, Рес­публикалық, Ха­лықаралық көрмелер мен фестивальдарға қатысып, оның құрамындағы суретші­лер – осы көрмелердің лауреаттары атанды. 1974 жылы жазда «Самоцветы» өкілдері делегациясы КСРО халықтары өне­рінің үлкен мерекесіне қаты­сып, алтын дипломмен ма­рапатталғаны көп­шілікке жақсы таныс.

 – Бүгінде «Самоцветы» жайлы бі­реу білсе, біреу білмей­ді. Алай­да өнер­танушылар мен басқа да зерт­теу­шілер ке­ңес­тік кезеңнің халықтық көр­кем­өнер­паздар бейнелеу өнері сияқ­­ты ерекше құбылысына қызы­ғу­шы­лық танытып, осы мәселе бойын­ша өз сөздерін айтатын уақыты келеді деген сенімде­мін. Кеңес Одағы күйрегеннен кейін «Самоцветы» сияқты үл­кен шы­ғармашылық бірлес­тіктің ­де жұмысы тоқтап қалды. Алай­да Алматы қаласының суретшілері өзара кездесуді жалғастыра бер­ді. 2004 жылы Г.С.Коржин­ская басқаратын Алматы мү­­гедек ба­лаларды оңалту орталығы клуб­­қа жұмыс істеу үшін өзінің мә­жі­ліс залын ұсынды. Сол жы­лы Алматы су­рет­шілері жи­на­лыстарының бірінде бір­­лес­тікті Алматы қалалық бейне­леу өне­рі әуесқойларының «Са­моцветы» клу­бы етіп қайта құ­руды ұйғарды. Бүгінгі таң­да клуб құрамына жақын қалалар мен облыс­тардың суретшілері кіріп отыр. Сон­дай-ақ, біздің бір­­лестікте арнайы білі­мі бар көп­теген суретші-педагогтер мен басқа мамандықтағы адамдар бар. Клуб сурет­шілері 50 жыл­­дан бері жина­лып келеді, қа­ла­ның түрлі галереялары мен көрме залдарында топтық және же­ке көрмелерін ұйымдастырып жүр. Бір­лестік қызметіне қызы­ғушылық таныт­қ­ан­дар үшін біз­­д­ің есігіміз әрқашан ашық, – дейді «Самоцветы» клубының төр­ағасы, суретші-педагог Наталья Кухаренко.

Өнер ұжымының жетек­шісі тілге тиек еткендей, шығар­ма­шыл топтың қа­та­рына өзіне қо­лайлы орта іздеген жас кәсі­би сурет­шілер ағылып келе бастаған. Ал олар­дың қалам-қуатын танытатын өнер жәр­меңкесіне 110-нан астам кескін­де­мелік, гра­фикалық шығармалар мен сән­дік-қолданбалы өнер туындылары қойылған.

 

АЛМАТЫ