Құтқарушылардың ақпараты бойынша, көп қабатты үйдің сегізінші қабатының терезесінен баланың құлағаны туралы ақпарат келіп түсті.
Қайғылы оқиға Қаратау ауданының «Нұрсат» шағын ауданында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ата-анасының қарауынсыз қалған 2019 жылы туған қыз терезеден абайсызда құлап кеткен. Бала оқиға орнында қайтыс болды.
Құтқарушылар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Жыл басынан бері Шымкент аумағында балалардың терезеден құлауының алты жағдайы тіркелді. Үш жағдайда балалар қайтыс болса, қалған үшеуінде жарақат алды.