Әлем • 15 Қыркүйек, 2021

Билікті басып алмақ болған ІІМ бұрынғы орынбасары ұсталды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Куррсан Асанов ұсталды. Ол билікті басып алуға әрекет жасады деп айыпталған, деп жазады Egemen.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Билікті басып алмақ болған ІІМ бұрынғы орынбасары ұсталды

Фото: Жогорку кенеш

Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу қызметі Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Билікті күшпен басып алу» бабы бойынша тіркелген сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Курсан Асанов басқа адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы билікті күшпен басып алуды белсенді түрде дайындағаны және ұйымдастырғаны анықталды. 

«Куррсан Асанов күдікті ретінде ұсталып, Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады ІІМ.