© РИА Новости / Наталья Селиверстова
Бейсенбіден бастап елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында, ал 17 қыркүйектен бастап республиканың орталығында атмосфералық фронтальді жүйелердің өтуімен жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған аумағында, жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады.
Батыста түнде ауа темпаратурасы +3-11-ден +1-9 градусқа дейін жетеді. Күндіз 15-23-тен 10-18-ге дейін жылы болады.
Солтүстік-батыста түнде ауа температурасы +7-12-ден +2-7-ге дейін болады.
18 қыркүйекте солтүстікте 3 градус үсік жүреді. Күндіз 17-25-тен 10-17-ге дейін жылы болады деп болжанып отыр.
Солтүстікте түнде 8-13-тен 2-10-ға дейін жылы болады.
Облыстың орталығы мен шығысында ауа температурасы 5-15 градус жылы, күндіз температура 20-28-ден 15-25 градусқа дейін төмендейді, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 28-35 градус жылы болады.