30 Қаңтар, 2014

Мақсатымыз – халықаралық деңгейге көтерілу

337 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

01Изображение 7813-2Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүд­де, бір болашақ» атты халық­қа Жолдауын зәулім залда оты­рып, өз аузынан естіген жан­дардың бірі ретінде үл­кен тебіреніс құшағында болға­нымды жасыра алмаймын. Ел­басы ғылым-білімге деген қол­даудың күшейіп, бұған бөлі­нетін қаржының барынша көбейетінін жария етті. Нақ­ты­лап айтқанда, таяу жылдары ғылымды қаржыландыру ішкі жалпы өнімнің кемінде 3 пайы­зына дейін жетеді. Осыған орай, Жолдауда 80-нен астам инновациялық идеялар тегіннен-тегін айтылған жоқ. Сондықтан да болар, Жолдауға шетел ғал­ым­дары мен сарапшылары да баса көңіл бөлуде.

 

01Изображение 7813-2Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүд­де, бір болашақ» атты халық­қа Жолдауын зәулім залда оты­рып, өз аузынан естіген жан­дардың бірі ретінде үл­кен тебіреніс құшағында болға­нымды жасыра алмаймын. Ел­басы ғылым-білімге деген қол­даудың күшейіп, бұған бөлі­нетін қаржының барынша көбейетінін жария етті. Нақ­ты­лап айтқанда, таяу жылдары ғылымды қаржыландыру ішкі жалпы өнімнің кемінде 3 пайы­зына дейін жетеді. Осыған орай, Жолдауда 80-нен астам инновациялық идеялар тегіннен-тегін айтылған жоқ. Сондықтан да болар, Жолдауға шетел ғал­ым­дары мен сарапшылары да баса көңіл бөлуде.

Бұл бағдарламалық құ­жат­та жоғары және арнаулы оқу орын­дарының алдына за­ман талабына сай тың да жаңа міндеттер қойылып отыр. Міне, бұл не­гізінен алғанда оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізуге, оқытушы-педагогикалық құрамның сапасын жақсартуға, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құруға, талапты шәкірттер үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейтуге, тағы да басқа өзекті мәселелерге келіп сая­ды. Осы орайда, Елбасы тек білім беріп қана қоймай, алған білімін әлеуметтік бейім­делу үдерісінде пайдалана білуге икемделу қажеттігін нақтылай түсті. Демек, бұл – білімгерлерге деген талапты күшейте түсу деген сөз.

Жоғары оқу орнының негізгі мақсаты – терең білімді, іс-тәжі­рибесін жүзеге асыруға қабі­летті білікті маман даярлау. Киелі топырақта бой көтерген бі­лім ордасы Италияның Бо­лон университетінде үдерістің негізі болып қаланған уни­вер­ситеттердің Ұлы хартиясына қол қою арқылы білім берудің әлемдік кеңістігіне қосылды. Болон декларациясының талаптарына сәйкес құрылымға бірсыпыра өзгерістер енгізіліп, жаңа стратегиялық бағыттар белгіленді.

Студенттің білім деңгейі оқы­тушының біліктілігіне тіке­лей байланысты. Студенттің білімі таяз болса, бұл ұстаз ісінің нәтижесі төмендігін көрсетеді. Сондықтан да оқытушыға деген талапты күшейту бас­ты назарда. Білім беру саласын­да жалпақшешейлікке, босаң­дық­қа жол беруге болмайды. Оқу орнының халықаралық мәр­те­бесіне сай биік талап тұрғы­сында болуды парыз деп санай­мыз. Осы ретте, бірқатар оқыту­шы­ларды біліктілікті арттыру бағдарламасымен Оксфорд, Кембридж, т.б. оқу орындарына ғылыми тағылымдамадан өтуге жіберу қолға алынды.

Дәл қазір біз универси­те­ті­міздің әлемдік деңгейдегі озық білім ордаларының қатарынан орын алуына алғышарттар жасауды алдыңғы орынға қойып отырмыз. Осы шараларды жү­зеге асыра алғанда ғана білім ордасында дайындалатын ма­ман­дардың оқу жоспарларын еуропалық стандарттарға сәй­кестендіруге, академиялық дәрежелердің халықаралық дең­гейде мойындалуына, кре­диттік технология бойынша сынақтардың бірлік жүйесін енгізу арқылы академиялық ұт­қыр­лықты қамтамасыз етуге, қос дипломдық білім бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік туады.

Университетте қазіргі кезде 29 ұлттың өкілін қамтитын 10 мыңға жуық жас білім алуда. Оның ішінде түркітілдес 15 мемлекеттен келген 1200-дей студент пен тыңдаушы бар. Сту­денттер негізінен қазақ, тү­рік, ағылшын, орыс тілдерінде оқытылады. Сондай-ақ, барлығы 54 мамандық бойынша білім алуға мүмкіндік болса, 30 ма­ман­дық бойынша магистратура, 3 мамандық бойынша рези­дентура және 11 мамандық бой­ынша докторантура (PhD) ашылған.

Қазіргі таңда университетте ғылымды сала-сала бойынша дамытуға айқын бағыт алынып отыр. Солардың бір-екеуін тілге тиек ете кетейік. Айталық, медицина саласы бойынша маман­дар Еуропа стандарттары­на сәйкес дайындалады. Ғылымға иек артқан тәжірибелі ғалым-мамандар жетерлік. Түрік Рес­пуб­ликасының бірнеше оқу ор­нымен келісімшарт түзілген. Медицина мамандықтарында білім алатын студенттер үшін Шымкент және Түркістан қа­ла­ларында екі клиника оқу базасы ретінде пайдаланылуда.

Ойымызды түйіндеп айтар болсақ, инновациялық зерт­теу жұ­мыс­тарымен халық­ара­лық дең­гейге көтерілу – не­гізгі мақ­саттарымыздың бірі. Тәуелсіз еліміздің шын мәнінде алдыңғы қатарлы білім ордасы атану жолында бар мүмкіндікті пайдаланамыз. Бұл дегеніңіз, халықаралық стандарттар негі­зінде сапалы білім алып, жарқын болашаққа нық қадам жасайтын рухы биік, білімді, сапалы ұлттық кадрлар тәрбиелеуге батыл қадам болмақ. «Қазақстан жолы – 2050» алдымызға тартып отырған ұлы мақсат-мүдде биі­гінен көріну – бүгінгі уақыт талабы.

Уәлихан АБДИБЕКОВ,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық

қазақ-түрік университетінің

президенті, профессор.

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40