Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2021

Атыраудың тең жартысы газсыз қалды

613 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Атырау қаласының жартысы газсыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудың тең жартысы газсыз қалды

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау-Астрахань тас жолының бесінші шақырымында магистральдық газ құбыры тесілген. 

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының жөндеу бригадалары апат болған жерге дереу барды. Ақауды жою үшін облыс орталығының жартысын газдан ажырату қажет болған.

«Жөндеу жұмыстарын кешкі 20.00-ге дейін аяқтау жоспарланып отыр», деп хабарлайды Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар