Жуырда елордада Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтары кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Оған Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева, сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі департаментінің директорлары мен өңірлік кәсіподақ комитетінің басшылары қатысты. Жиындағы негізгі баяндаманы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы М.Амантаева жасады.

Басқосуда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ел халқына арнаған Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асырудағы кәсіподақтар қызметі туралы, сондай-ақ, білім және ғылым қызметкерлерінің бүгінгі жағдайы мен олардың әлеуметтік әлеуетінің деңгейі сынды маңызды мәселелерге ден қойылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруда кәсіподақтар мен оның құрылымдық бөлімшелері жүйелі жұмыстар жасауда. Біздің кәсіподақтар қызметінің басым бағыты – еңбекақы жүйесін жетілдіру және оның деңгейін орташа республикалық көрсеткішке жеткізу. Бүгінгі таңда білім беру мекемелері 9588 ұжымдық шарт жасасқан. Келісімшарттағы міндеттерді орындау мен екіжақты келісімді жолға қою уақтылы еңбекақының төленуі, заңды демалысқа шығу, жыл сайынғы медициналық тексеру мен оқу жүктемесі секілді өзге де мәселелердің шешілуін қамтамасыз етеді», дейді Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева. Сонымен қатар, ол білім және ғылым қызметкерлерінің қоғам алдындағы беделін барынша арттыруда кәсіподақтар жүйелі жұмыстар жасай беретінін және елдегі қабылданған барлық стратегиялық маңызды құжаттар ұрпақ болашағына қызмет ететінін де назардан тыс қалдырмады.
Ал ол үшін Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларға асқан жауапкершілік танытып, оның өз жемісін беруіне баршамыз атсалысуымыз қажет дегенді де тілге тиек етті.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,
«Егемен Қазақстан».