Елорда • 15 Қыркүйек, 2021

Түрік телеарнасы Елорда туралы бағдарлама түсіреді

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның мемлекеттік арнасы ТРТ-нің түсірілім тобы «Қалама қош келдіңіз» жобасын түсіру үшін Қазақстанға келді, деп жазады Egemen.kz.

Түрік телеарнасы Елорда туралы бағдарлама түсіреді

«Қалама қош келдіңіз» атты  жоба 13 бөлімнен тұрады.  Бұдан бұрын Лондон, Рим, Париж,  Амстердам, Будапешт, сондай-ақ Мәскеу сынды Еуропаның ірі қалалары түсірілген. Енді бағдарламаның сегізінші бөлімі толықтай Нұр-Сұлтан қаласына арналмақ.

ТРТ мен Юнус Эмре институты арасында қол қойылған ынтымақтастық аясында түсірілім тобы жұмыстарын бастап кетті.

ТРТ тобы  Бәйтерек монументі, Бейбітшілік және келісім сарайы, Хан Шатыр ойын сауық және сауда орталығы, Қазақстан Ұлттық музейі, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы, Әзірет Сұлтан мешіті, Атырау көпірі, ЭКСПО-2017 кешені мен Қазақ Елі монументі сияқты Елорданың ең танымал орындарын түсіреді.

1

Нұр-Сұлтандағы Юнус Эмре институтында түрік тілін үйреніп жатқан оқушылар елорданы түрік көрермендерге түрікше таныстырады.

Қазақтың ұлттық аспаптары домбыра мен саз сырнай тартатын өнерпаздар түрік көрермендерге өз  өнерлерін паш етеді. Сондай-ақ жүргізушілер ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақ асханасы туралы мәлімет алды.

Продюсер-режиссер Парлайан Йылдыз, операторлар Мевлют Дөнер мен Селчук Карачам дайындайтын бағдарлама TRT арналарында көрермендерге жол тартады.