30 Қаңтар, 2014

Жүрдек пойыз жүйткиді

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 poezdҚарағандыдан Жезқазғанға, Жезқазғаннан Қарағандыға сапар шегетін жолаушыларға бұдан былай уақыттарын ұтымды пайда­ла­ну­ға мүмкіндік туды. Бұған дейін тәулігіне бір рет қатынап келген 5-6 вагоны бар жалғыз пойыздан қысы-жазы орын таба алмай әуре-сарсаңға түсу біршама басылатын болды. Жаңа кестемен жүйткитін жүрдек көлік жезқазғандық жолаушылар үшін қолайлы мезгіл – кеш­кі сағат 9-дан аса қозғалып, облыс орталығына таңертеңгілік жетеді. Бұл жақтан да сол уақытта жолға шығады. Мұның өзі алдымен жұмыс бабымен жүріп-тұрушыларға қолайлы болып отыр.

18 poezd

Қарағандыдан Жезқазғанға, Жезқазғаннан Қарағандыға сапар шегетін жолаушыларға бұдан былай уақыттарын ұтымды пайда­ла­ну­ға мүмкіндік туды. Бұған дейін тәулігіне бір рет қатынап келген 5-6 вагоны бар жалғыз пойыздан қысы-жазы орын таба алмай әуре-сарсаңға түсу біршама басылатын болды. Жаңа кестемен жүйткитін жүрдек көлік жезқазғандық жолаушылар үшін қолайлы мезгіл – кеш­кі сағат 9-дан аса қозғалып, облыс орталығына таңертеңгілік жетеді. Бұл жақтан да сол уақытта жолға шығады. Мұның өзі алдымен жұмыс бабымен жүріп-тұрушыларға қолайлы болып отыр.

4 купе, 3 плацкарт вагон тіркелген пойыз­ күнара қатынайды. Мыс өндірушілер шаһарына тартылудағы Жезқазған – Бейнеу теміржолы алдағы уақытта, сондай-ақ, жергілікті жолаушылардың елдің оңтүстік, батыс өңірлеріне жылдам жетуіне мүмкіндік жасайды. Бұрын тұйық станса саналатын Жезқазғаннан жан-жаққа қатынау жеңілдеп келеді.

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ЖЕЗҚАЗҒАН.

Соңғы жаңалықтар