Қоғам • 16 Қыркүйек, 2021

Өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде

489 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықтың өртке қарсы мәдениетін арттыру және тұрғын үй секторындағы өрт жағдайын тұрақтандыру мақсатында жылу беру маусымына дайындық кезеңінде Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап өрт қауіпсіздігі айлығын өткізуде.

Өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде

Өрт қауіпсіздігі айының шең­­берінде Департамент қы­з­меткерлері жергілікті атқа­рушы органдармен, жергілікті полиция қызметімен және волонтерлермен бірлесіп тұрғылықты жері бойынша профилактикалық рейд­тер жүргізеді, олар халықты пешпен жылыту, электрмен жы­лыту аспаптарын пайдалану ке­зіндегі өрт қауіпсіздігі шара­ларына және өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдарға оқытуға бағытталған. Бүгінгі таң­да облыс бойынша 42 мыңнан астам азамат қамтылып, 14 566 тұр­ғын үйде профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Департамент жылу беру ке­зеңі басталғанға дейін жылыту пештеріне жөндеу жүргізуді ұсынады, қолданыстағы қағи­даларға сәйкес түтін мұржасын тазалауды кемінде 3 айда бір рет жүргізу қажет.

Жылыту пештерінің жанында жиһаз және басқа да жанғыш заттарды орналастыруға тыйым салынады, сондай-ақ пеш жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға тыйым салынады.

Бұдан басқа, қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарын пайдалануға тыйым салынады, бір желіге бірнеше электр аспаптарының қосылуына жол берілмейді, бұл электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне әкеп соғады, электр сымдарының, қосқыштардың және розетка­лардың ақаусыздығын қадағалау қажет.

Ең бастысы, балаларға тұр­мыстық құралдарды өз еркі­мен пайдалануға рұқсат ет­пеу, сіріңкелерді олар үшін қол жет­пейтін жерлерге қою және кіш­кентай балаларды ересектердің қарауынсыз үйде жалғыз қалдыр­мау қажет.

Айта кету керек, азаматтық қорғау органдары білім басқар­малары мен бөлімдерімен бір­ле­сіп оқу мекемелерінде өрт қа­уіпсіздігі ережелерін оқыту бо­йынша жұмыстар жүргізуде.

2021-2022 жж. оқу кезеңінде білім беру ұйымдарында 2 мыңнан астам адамды қамти отырып 23 интерактивті сабақ, 792 адам қамти отырып 113 дәріс, әңгіме және нұсқамалар өткізілді.

 

«Егемен-ақпарат»