Қоғам • 16 Қыркүйек, 2021

«Жас қаламгер» жобасы басталды

706 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігінің қол­дауымен елімізде алғаш рет мемлекеттік әлеу­меттік тапсырыс шеңберінде «Жас қаламгер» оқыту мектебі өз жұмысын бастады.

«Жас қаламгер» жобасы басталды

Әлеуметтік жоба оқу сауаттылығын арттыру, жас дарындардың танымдық-шығармашылық белсенділігін дамытуды мақсат етіп отыр.

Бастаманы «Қазақстанның жастар конвенті» қоры жүзеге асырады. Алдағы уақытта оқыту мек­тептерінде елордадағы орта және арнаулы орта оқу орындарының 10-18 жас аралығындағы дарынды балалары әдебиет саласының драматургия, поэзия, проза бағыты мен «Ғылым тап = Find science» (Абай шығармаларын ағылшын тілінде оқыту), «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты тақырыптар бойынша дәріс алады.

Осы орайда 8 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қала­сындағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында жобаның ресми ашылу рәсімі өтіп, оған ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар қатысты.

Оқыту мектебіне қатысушы балаларға ақын Несіп­бек Айтұлы, жазушы-драматург, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты Роза Мұқанова, ақын, филология ғылым­дарының докторы Жанат Әскербекқызы, филология ғылымдарының кандидаты, айтыскер-ақын Серікзат Дүйсенғазы, абайтанушы-журналист Ернат Мелсұлы және тағы басқа ақын-жазушылар дәріс оқиды.

Жоба аясында биыл 10 тамыз бен 5 қыркүйек ара­лығында қабылданған өтініштер нәтижесінде жобаға 200-ге жуық бала қатысатыны белгілі болды. Оқыту мектебі 8-20 қыркүйек аралығында өтеді.