ANTIKOR • 16 Қыркүйек, 2021

Білім бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Жұмабаев жыл басынан бері Алматы облысында екі білім бөлімінің басшыcы жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды

Жыл басынан бері жемқорлық фактісімен анықталғандардың үштен бірі - жергілікті атқарушы органдарға және оларға бағынысты мекемелерге тиесілі. Оның 11-і білім беру саласында екен.

Олардың арасында Қапшағай қаласы білім беру бөлімінің басшысы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы жүйелі негізде жеке кәсіпкерлердің есеп шотына олармен қызмет көрсетуге және орта мектептерде жұмыс көлемдерін нақты орындауға шарттар жасаспай, жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам бюджеттік ақша қаражатын заңсыз аударғаны және жүйелі түрде пара алғаны үшін, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектелді.

Сонымен қатар, Көксу ауданының білім беру бөлімінің басшысы білім беру мекемелеріне 9 дезинфекциялау тоннелін жеткізу және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және ЖШС директорынан 150 000 теңге сомасында пара алғаны үшін, жалпы, 4,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ж.Жұмабаевтың айтуынша, облыста биыл 8 айда 69 адам жемқорлық фактісі бойынша сотталды, оның ішінде 64 адам 116,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұлға, 2 адам бас бостандығын шектеуге, 3 адам бас бостандығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.