Президент • 16 Қыркүйек, 2021

Президент XVII Еуразиялық медиафорум қатысушыларын құттықтады

203 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев XVII Еуразиялық медиафорумға қатысушыларды құттықтады,  деп жазады Egemen.kz.

Президент XVII Еуразиялық медиафорум қатысушыларын құттықтады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев форумның ашылуы кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқыды.

«XVII Еуразия медиафорумына келгендеріңізге қуаныштымын. 19 жыл ішінде ол біздің елдегі және бүкіл аймақтағы жетекші медиа-платформаға айналды. Бұл шара дәстүрлі түрде талантты журналистер мен медиа менеджерлерді, белгілі саясаткерлер мен беделді сарапшыларды жинайды. Ал форумда талқыланатын мәселелер ауқымы бұқаралық ақпарат құралдарының шеңберінен әлдеқайда кең», деп жазылған құттықтауда.

«Жан-жақты жаһандық трансформация, іргелі өзгерістер, әлеуметтік процестер кезінде уақыт ырғағына ілесіп, ең өзекті мәселелерді ашық талқылау және шешімдерді бірге табу бұрынғыдан да маңызды. Коронавирус дағдарысының басталуымен бүкіл әлемде халықтың сапалы ақпаратқа деген сұранысы артып, жалғандық ақпаратпен күреске қажеттілік туындады. Форум осы бағыттағы үрдістер мен тәсілдерді талқылауға тамаша мүмкіндік береді», деп атап өтті Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаңа шындық медиа саласы үшін жаңа міндеттер қояды. Цифрландыру процесі едәуір жеделдеді. Аудиторияның қалауы мен әдеті тез өзгеруде, ақпаратты ұсынудың жаңа форматы пайда болуда, әлеуметтік желілер трансформацияланып жатыр.

«Мен бұл мәселені кәсіби түрде талқылау бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сессия да бай болатынына сенімдімін. Бірізді өзгерістердің қазақстандық жолы мен халық бірлігін сақтаудың бірегей тәжірибесі ерекше назар аударуға лайық. Мемлекетіміздің стратегиялық бағытының маңызды құрамдас бөлігі - ашық диалог пен жан-жақты серіктестік», деді Мемлекет басшысы өзінің құттықтауында.

«Осыған орай, форум қазіргі заманғы медиа трендтерді түсінуге ғана емес, сонымен қатар халықаралық форматтағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге ықпал етеді деп айтуға болады. Қазақстан әрқашан конструктивті күн тәртібін ілгерілетуге мүдделі және барлық салада, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен шығармашылық индустрияда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын», деп қорытындылаған Қасым-Жомарт Тоқаев медиафорум қатысушыларына жемісті жұмыс пен сәттілік тіледі.