30 Қаңтар, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1532

278 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2013 жылғы 31 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі

«Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, теханикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы»

 

2013 жылғы 31 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі

«Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, теханикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы»
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 474-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасында:
20, 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Кесте техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу туралы хабарламаны алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қызмет өңірі шегінде жергілікті атқарушы органға келісуге ұсынылады.
Кестені кейіннен жергілікті атқарушы органға келісуге ұсынуды техникалық байқау операторы жыл сайын қызмет өңірі шегінде көлік құралдарын міндетті техникалық байқауды өткізу басталғанға дейін, күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
21. Жергілікті атқарушы орган келісуге ұсынылған кестені түскен күнінен бастап бес жүмыс күні ішінде қарайды.
22. Кестені жергілікті атқарушы органмен келіскен күнінен бастап
күнтізбелік он күн ішінде техникалық байқау операторы қызмет өңіріндегі халықты кесте туралы хабардар етеді.»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Міндетті техникалық байқаудан өткендігі туралы куәлікке техникалық байқау операторының басшысы немесе осыған уәкілеттік берілген тұлға қол қояды.»;
63, 64, 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«63. Техникалық байқау операторының техникалық байқаудың стационарлық желілерінің көлік құралдарын міндетті техникалық байқауды жүргізуі бойынша ақпараты күн сайын онлайн режимінде міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне беріледі.
64. Техникалық байқау операторының техникалық байқаудың ұтқыр желілерінің көлік құралдарын міндетті техникалық байқауды жүргізуі бойынша ақпараты күнтізбелік екі күнде бір рет міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне беріледі.
66. Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде көлік құралдарының міндетті техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктер бланкілерінің нөмірлік есебі жүргізіледі.»;
68 және 69-тармақтар алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі             С.АХМЕТОВ.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1532 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 523 қаулысымен бекітілген

Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі
1. Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша орталық атқарушы органда тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу техникалық байқау орталықтарында мынадай кезеңділікпен жүргізіледі:
1) әрбір 12 ай сайын - шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жыл және одан асатын;
2) әрбір 24 ай сайын - шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 7 жылға дейін;
3) әрбір 36 ай сайын - шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылға дейін.
2. Адамдарды тасымалдау үшін- жабдықталған автобустар, шағын автобустар және таксилер, сондай-ақ жүк автомобильдері меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық байқаудан әрбір алты ай сайын өтеді.
3. Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталған автокөлік қүралдары меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық байқаудан әрбір алты ай сайын өтеді.
4. Жүк автомобильдері және оларға тіркемелер меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық байқаудан әрбір 12 ай сайын өтеді.
5. Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің бұдан кейінгі міндетті техникалық байқаудан өту мерзімі 1, 2, 3 және 4-тармақтарда көрсетілген кезеңділікке сәйкес бастапқы міндетті техникалық байқаудан өту күнінен бастап есептеледі.

Соңғы жаңалықтар