30 Қаңтар, 2014

«Талдықорған-Үшарал» автожолы жабылды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 01-Shigis«Алматы-Өскемен»  автожолының Талдықорған қаласы мен  Үшарал  аралығындағы бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Аталған жол жаңбыр жауып, көктайғақ болғандықтан жабылды. Сондықтан осы бағытпен келе жатқан жүк машиналары мен   автобустар елді мекендер маңайында аялдауға мәжбүр болған. Әзірге жауын тоқтаған жоқ. Жол полициясының қызметкерлері бұл жағдайды өз бақылауына алып, көліктердің одан әрі жүруіне тыйым салды. «Алматы қаласынан шыққан болатынбыз. Қапшағай көпірі тұсына келгенде, жол полициясының қызметкерлері жолдың жабылғанын ескертті. Ал жүргізуші жолаушылардың қамын ойлап, автобусты сөндірмеуге әрекеттенуде. Алайда, оның жанармайы қай уақытқа дейін жететіні белгісіз», - дейді жолаушы Қалам Сазанбаев.

Алматы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өкілі Жанар Төлегенқызы жаңбыр толастаса, көлік қозғалысының қалпына келетінін айтты.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: «Хабар» телеарнасы.

Фото: «Хабар» телеарнасы.