Өнер • 17 Қыркүйек, 2021

Бела Барток шығармалары орындалды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясы Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті «Астана опера» театрында әлемдік музыканың көрнекті өкілі, венгер композиторы Бела Бартоктың 140 жылдық мерейтойына арналған «Под знаком Белы Бартока» атты концерттер сериясын жалғастырды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Ернар Мыңтаев.

Бела Барток  шығармалары орындалды

Бағдарлама аясында Бела Барток шығармаларынан бөлек камералық музыканың негізін қалаушы, веналық классик Джозеф Гайдннің ішекті квартеті және қазақ композиторы Сәтжан Шәменов шығармасының премьерасы өтті.

Көрерменге классикалық музыка кешін тарту еткен Ғазиза Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартетінде өнер көрсеткен бі­­рін­ш­і скрипкада – Айдар Тоқ­та­лиев, екінші скрипкада – Алек­сей Ле­бе­дев, виолада – Бекзат Сай­­­лау­­бай­ұлы және виолончель­де – Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қай­­рат­ке­рі Ернар Мыңтаев кештің сәнін кір­гізіп, әлемдік музыка жау­hар­ларын елордалық көрерменге тарту етті.