30 Қаңтар, 2014

Бокс: Алты боксшымыз – Азия чемпионы!

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

boxing

Бүгін Таиландтың Бангкок қаласында жастар арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының алты боксшысы алтын медальге, үш спортшысы қола жүлдеге ие болып, жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

56 кило салмақта Сұлтан Заурбек кореялық боксшыны жеңіп, Қазақстан құрамасында алғашқы болып Азия чемпионы атанса, одан кейін 60 килоға дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов сириялық қарсыласынан басым түсіп, құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Осыдан кейін Аян Қалыбеков (64 кг), Вадим Казаков (81 кг) пен Темірлан Қабиев (91 кг) өзбек былғары қолғап шеберлерін ұтса, 91 килодан аса салмақта Елдос Қадырбаев сириялық боксшыны жеңіп, Азия чемпионы атанды. Ал жастар құрамасынан Ертуған Зейнулинов (49 кг), Иван Ковалев (52 кг) пен Илья Очкин (69 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.

Жастарымызды құрлықтық бәсекеге жаттықтырушы Ғалымбек Кенжебаев бастап барды. Жалпы, чемпионатқа 16 елдің боксшылары қатысты.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз:www.kfb.kz