Бокс • 17 Қыркүйек, 2021

Әли Ахмедов Пантераны үшінші раундта нокаутпен жеңді

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық екінші орта салмақтағы боксшы Әли Ахмедов Пантера лақап атымен танымал Давид Сегарраны жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әли Ахмедов Пантераны үшінші раундта нокаутпен жеңді

Жекпе-жек 16 қыркүйекте Монтебелло қаласында (Калифорния, АҚШ) Hollywood Fight Nights бокс кеші аясында өтті. Ол сегіз раундқа есептелген. Ахмедов басым болып техникалық нокаутпен жеңді. Үшінші раундтан кейін Сегарра жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Қазақстандық үшін бұл жеңіс кәсіпқойлар арасындағы 17-ші жеңіс, оның 13-ші ерте аяқталды.

Ахмедов соңғы рет 2020 жылдың желтоқсанында эквадорлық Карлос Гонгорамен жекпе-жек өткізіп, IBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағына таласқан болатын. Сегаррамен жекпе-жек 1 тамызда өтуі керек еді, бірақ  латынамерикалық боксшының коронавирусқа қарсы тапсырған тесті оң нәтиже беріп, бокс кейінге қалдырылған болатын. 

Еске салайық, Ахмедовке IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясы қолдау көрсетеді.