Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегікөптеген деректі құжат әлі де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр. Сондықтан ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі, іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын» деген болатын. Міне, бүгінде сол келелі іс қолға алынып, өз нәтижесін беруде. Атап айтқанда, 2019 жылғы 20 желтоқсанда Үкімет қаулысымен 2020-2025 жылдарға арналған «Архив – 2025» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары қабылданып, оның міндеті – Ұлттық архив қорын отандық және шетелдік архивтерден, ғылыми орталықтардан Қазақстан тарихы жөніндегі құжаттармен толықтыруға және оларды ғылыми айналымға енгізуге бағытталды. Бұл орайда қалалық архивтің атқарып жатқан шаруалары ауыз толтырып айтарлықтай.
«Мұрағатшылардың иелігінде соңғы үлгідегі итальяндық реставрация құралдары бар. Оның көмегімен ескі қағаз құжаттарды қалпына келтірудеміз. Сондай-ақ ақпаратты электронды тасымалдаушыларға беруді тездетуге және сапасын жақсартуға мүмкіндік туып отыр. Қалпына келтіру үшін алынған құжаттардың ішінде жыртылған құжаттар да бар. Сол үшін зертхана арнайы жарықтандыру үстелімен жабдықталған. Мұндай күрделі жұмыста жапондық арнайы қағаз бен табиғи желім қолданылады. Қазір, ғасыр жасаған ғажайып деректерге қайта өң берудеміз», дейді архив директоры Мейрам Бектембаев.
Бүгінде 1920 жылдардағы араб графикасымен жазылған көптеген құжат қалпына келтіріліп, электронды нұсқасы жасалуда. Сол кездегі елді ұжымдастыру туралы айтылған мәліметтер мен саяси оқиғалар, ашық хаттар араб қарпімен жазылған. Атап айтқанда, 1928 жылы Атбасар ауданындағы тәркілеу жұмыстары, Ақмола уездік атқару комитетінде сақталған мүліктерді түгендеушаралары. Бүгінде бұл құжаттар түгелдей цифрландырылды.
Елордалық мұрағатта латын қарпінде басылған құжаттар да жетерлік. Онда Ақмола қалалық кеңесінің, облыс басшылығының іс-қағаздарыкездеседі. Қызығы, дәл осы латын әліпбиін 1916 жылы Айыртау облысының Кокчетав өңірінде туған жауынгер Қайыржан Тыкшикеев өз хатында қолданған екен. Ол 1942 жылы 7 ақпанда әскерге шақырылып, 1943 жылы хабарсыз кеткен. «Елорда шежіресіне өз атыңызды енгізіңіз» республикалық акциясы аясында немересі Марат Тыкшикеев пен туыстары латын графикасында жазылған хаттарды архив қорына тапсырды.