Технология • 17 Қыркүйек, 2021

Instagram-да жаңа функция пайда болды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда бұл қызмет тест режимінде тек Австралия мен Жаңа Зеландия тұрғындары үшін қолжетімді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Instagram-да жаңа функция пайда болды

delo.ua басылымының мәліметінше, жаңартылған картаның көмегімен пайдаланушылар компаниялар, кафелер, дүкендер және басқа мекемелерді таба алады.

Instagram картадан іздеуді енгізу шағын бизнесті қолдауға бағытталғанын хабарлады. Онда пайдаланушылар белгілеген танымал орындар пайда болады. Олардың ішінде саябақтар, мейрамханалар, супермаркеттер, сондай-ақ Instagram-да орналасқан басқа орындар бар. Instagram картасы бойынша іздеу жоғарғы оң жақ бұрыштағы Explore бөлімінде жаңа белгіні басу арқылы жүзеге асырылады. Қызмет Австралия мен Жаңа Зеландияда сынақ режимінде жұмыс істеуде.

Instagram жаңа мүмкіндікті әлемнің басқа бөліктеріндегі пайдаланушыларға таратуды жоспарлап отыр. Алайда нақты мерзімі белгісіз.