Ауа райы • 18 Қыркүйек, 2021

18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері 18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«ҚР батыс аудандарына Солтүстік антициклон әсер ете бастайды – ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Қазақстанның қалған территориясына Солтүстік-батыс циклоны өз әсерін сақтайды: жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, солтүстік пен шығыста жел күшейеді», деп жазылған хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Түнде Павлодар облысының басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында таңертең және күндіз жел екіпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстік-шығысында найзағай, батысы, солтүстік-батысы мен солтүстік шығысында желдің 15-20, түнде екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.

Күндіз Түрістан облысының тауларында найзағай, солтүстік-батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында топырық бетінде, Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында 3 градус үсік күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.