Zakon.kz жазуынша, Volkswagen автокөлігі Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан. Жүргізушінің айтуынша, кенеттен көліктің капотының астынан қою түтін көтеріле бастаған соң жолдың шетіне шығып, жүк көлігінің жанына тоқтаған. Сол сәтте жалын лап етіп, жана бастаған.
Куәгерлер қанша көмектессе де, көлікті өрттен құтқару мүмкін болмады. Ол бірнеше минутта жанып кетті. Жалын жақын жерде тұрған жүк көлігіне қауіп төндірген, алайда өрт сөндірушілер оны құтқарып қалды.
Алдын ала болжам бойынша, көлікте қысқа тұйықталу орын алып, өздігінен жана бастаған.