Футбол • 18 Қыркүйек, 2021

Пеле тағы жансақтау бөліміне түсті

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футбол бойынша әлемнің үш дүркін чемпионы атанған Пеле тағы да жансақтау бөліміне түсті, деп жазады Egemen.kz.

Пеле тағы жансақтау бөліміне түсті

«Хабар 24» таратқан ақпаратқа сәйкес қазір Пеле Бразилиядағы Сан-Паулу қаласындағы ауруханада жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, спортшы рефлюкспен ауырып жатыр. Мамандар 80 жастағы спортшының қазіргі халі бірқалыпты екенін, бірақ сақтық үшін жансақтау бөлімінде бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Пелеге қарнында пайда болған ісікті алу бойынша ота жасалған болатын.