Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2021

Алматыда тау бөктері өртеніп жатыр

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Бостандық ауданында қураған шөп пен ағаш өртеніп жатыр, деп жазады Egemen.kz қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Алматыда тау бөктері өртеніп жатыр

«18 қыркүйек күні түскі сағат 11:11минутта Алматы қаласы ТЖД табиғи өрттерге қарсы жиынтық жасағы Бостандық ауданы, «Ерменсай» шағынауданы, Арайлым көшесі, 2/12 үйдің жанныда тау баурайындағы құрғақ шөп пен ағаштардың жанғаны туралы хабарламаға шықты», деп хабарлады қалалық ТЖД.

Өрт сөндіру бригадасы келген кезде таудың баурайында жалпы ауданы 1,5 Га жерде қураған шөп пен ағаш өртенгені анықталды.

Өрттің үш қабатты тұрғын үйге таралу қауіпі болды. Жоғары температурадан үш қабатты үйдің пластикалық терезелері, сайдингтан жасалған үй жабындысы қыза бастаған.

Департамент мәліметінше, өрт сөндіру бригадасы қызыл жалынның таралуына жол бермеді.

Өртті сөндіруге 57 адам мен 14 бірлік техника жұмылдырылды.

«Қабылданған шаралардың арқасында өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», деп жазылған хабарламада.