Қала күнi мерекесiне орай Наурызбай ауданында өрт сөндіру бөлiмі ашылды. Ол ауданның 159 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсететін болады.
Алматы қаласының әкiмi Бақытжан Сағынтаев өрт сөндipy қызметкерлерін бөлiмнiң ашылуымен құттықтап, алғыс айтты.
Гарнизон қызметкерлерiне жатақхана қарастырылған. Сондай-ақ, қала әкiмi Б.Сағынтаев қызметтiк авто көлiктiң кiлтiн табыстады. Жаңадан депо оқиға орнына жету уақытын қысқартып, жұмыс сапасын арттырады деп күтілуде.
Депоның ашылу салтанатына ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Күлдіков Марат, Алматы қаласының ТЖД басшылары мен азаматтық қорғау ардагерлерi қатысты.
2014 жылы құрылған Наурызбай ауданының құрамына Жайлау, Қарағайлы, Құрамыс, Рахат, Қарғалы, Таусамалы, Ақжар, Тасты бұлақ, Таужолы, Шұғыла, Алтын Алаш, Қалқаман- 1,2,3 ықшам аудандары кіреді.