Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2021

АҚДМ-ның әлеуметтік желідегі парақшаларына верификация белгілері берілді

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook, Instagram және Telegram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларына аталған компаниялардан верификация белгілері берілді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АҚДМ-ның әлеуметтік желідегі парақшаларына верификация белгілері берілді

Верификация белгішесі — бұл аккаунты әлеуметтік желі әкімшілігі тексергенінің дәлелі.

Бұл таңбаның болуы аккаунтты жалған парақшалардан қорғайды және адамдарға шынайы парақшаны табуға көмектеседі.

«Егер сіз растау белгішесін көрсеңіз, бұл біз парақшаны немесе профильді тексеріп, олардың иелері шынымен өздері шығаратындарын растады дегенді білдіреді. Егер белгіше болмаса, онда парақша немесе профиль жалған болуы мүмкін», деп жазады Facebook әкімшілігі.

Facebook, Instagram, Telegram іздеу жүйесінде танымал @aqparatqogam атауын теру арқылы ҚР АҚДМ әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жазылуға және ведомствоның қызметі туралы хабардар болуға болады.