Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2021

Қостанайда жарылыс кезінде зардап шеккен екі адам көз жұмды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласында газ-ауа қоспасының жарылысынан зардап шеккен екі ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда жарылыс кезінде зардап шеккен екі адам көз жұмды

Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева хабарлағандай, Бородин көшесіндегі оқиға салдарынан зардап шеккендер қайтыс болды.

«Өкінішке орай, Бородин көшесіндегі жарылыстан 1995 және 1984 жылы туған екі адам да күйік ауруынан қайтыс болды. Күйік ауруы - бұл ауқымды күйік салдарынан дамитын органдар мен жүйелер қызметінің кешенді бұзылуы», деп хабарлады облыстық ведомстводан.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың 16 қыркүйегінде Қостанайда жеке тұрғын үй аумағында, гараж жертөлесінде жарылыс болды. Зардап шеккен екі ер адам реанимацияға түсті - екеуі де үшінші дәрежелі күйік алды, біреуінде дененің - 80%-ы, екіншісінде 35%-ы зардап шекті.