31 Қаңтар, 2014

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды

857 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2061Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі болып Жарылқасын Әбдіғапарұлы Айтақов тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы хабарлады.

Ж.Ә.Айтақов 1962 жылы туған. 1985 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын, 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Ресей Федерациясының Калуга облысындағы Кондров жылжымалы механикаландырылған колоннасының учаскелік механигі болып бастаған.
1985-1990 жылдары Жуалы ауданы №15 Бурный селолық кәсіптік училищесінде оқытушы, директордың орынбасары, 1990-2008 жылдары Жуалы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жуалы ауданы әкімінің аппаратында ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, 2008-2010 жылдары Жуалы ауданы әкімінің орынбасары, 2010-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2012 жылдың қаңтарынан Жуалы аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: Жамбыл облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.

Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.