Аталған лауазымды тұлғалар өңірдегі жалпы қамқорлық пен кедергісіз жүріп-тұру үшін жүк тасымалдау саласындағы кәсіпкерлерден пара алып келген екен. Пара сомасы 10 000-нан 50 000 теңгеге дейінгі аралықты құраған. Оны жүк көлігі жүргізушілері қол алысу кезінде Инспекция қызметкерлеріне беріп отырған. Алынған паралардың күнделікті айналымы 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейін барған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, ақша аударымының барлығы 20-дан астам эпизоды құжатталды. 4 адамға қатысты сот «қамауға алу» бұлтартпау шарасын таңдады, қалған лауазымды тұлғалар кінәсін толық мойындады және тергеумен белсенді ынтымақтастыққа келді.
Қазіргі уақытта агенттік аталған қылмыстық схеманы жою және осыған ұқсас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жол бермеу бойынша кешенді алдын алу жұмыстарын бастады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сондай-ақ қазір Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» ШЖҚ РМК басшылығына қатысты айтарлықтай мөлшерде пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Аталған тұлға «Фитосанитария» ШЖҚ РМК-ның 11 аумақтық филиалына жеткізілетін тауарларды қабылдау-беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін жеткізуші компаниялардың өкілінен айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін айыпталуда.
Барлық ұсталған адам тергеумен ынтымақтастыққа келді және мойындау айғақтарын беруде. Күдіктінің кінәсі туралы түкпілікті шешімді сот шығарады. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.