Өнер • 21 Қыркүйек, 2021

Домбырашылар одағы өз жұмысын бастады

710 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында «Домбырашылар одағы» респуб­ликалық қоғамдық бірлестігінің ашылу салтанаты өтті. Жиынға одаққа мүше болған дәстүрлі әншілер мен күйшілер қатысты.

Домбырашылар одағы өз жұмысын бастады

Еске салсақ, «Домбыра­шы­лар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі 10 тамызда құрылды. Қоғамдық бір­лестіктің негізгі мақсаты  ұлттық өнерді кеңінен дә­ріптеп, жастардың дәстүрлі өнерге қызығушылығын оятып, ұлттық құндылығымызды дамыту жолында еңбек ету болып отыр. Ал бірлестіктің шарты бойынша мүшелікке тек дәстүрлі әншілер, жыршылар мен термешілер қа­былданады. Домбырашылар одағы халқымыздың дәстүрлі ән өнерін, күй өнерін жандандыру, жас буын өкілдерінің шығармашылығын қолдау үшін құрылған. Осы мақ­сатта түрлі байқаулар, бағ­дар­ламалар мен кон­церт­тер, экспедициялар ұйым­дастырылады.

Одақтың ашылу рәсімінде Алматы қаласының өнер өкіл­­деріне «Домбырашылар одағы» рес­пуб­ликалық қо­ғам­­дық бір­лес­тігінің куә­лік­­тері мен серти­фикат­та­ры табысталды. Жи­ын­ға Ра­­мазан Стамғазиев, Сәу­ле Жанпейісова, Нұр­жан Жан­­­пейісов, Ұлжан Бай­­бо­­сы­­нова, Гүлмира Нәлі­бай және «Домбыра» Ұлт­тық теле­­­арнасының басшысы Қанат Ержігітов қаты­сып, сөз сөйледі. Олар бір­лес­тік­­­тің мақсатын, жасайтын жұ­­­­­мыстарын, қа­зіргі таң­да дәстүрлі өнерге қа­тыс­ты мә­­селелердің ше­ші­мін қа­рас­­тыру жолдарын тал­қы­ла­ды. Сонымен қатар «До­м­быра» Ұлттық телеар­на­­сының тікелей жерсеріктік хабар тарататын OTAU TV қызметіне қосу, ұлттық өнерді шалғай мекендегі халыққа да көрсету мәселесі қозғалды.