Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021

Үкімет Екібастұзды дамытудың кешенді жоспарын мақұлдады

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары мақұлданды, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет Екібастұзды дамытудың кешенді жоспарын мақұлдады

«Қаланың энергетика саласындағы даму әлеуеті жоғары. Кешенді жоспардағы 114 іс-шараны іске асыру облыстың дамуына жаңа серпін береді. Негізгі капиталға инвестициялар бес есеге ұлғаяды және 2025 жылы 737 млрд теңгені құрайтын болады. Тұрғын үй және басқа да инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы дамытуға, экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған жобалар іске асырылады», деген Үкімет басшысы кешенді жоспардың мақұлданатынын айтты.

«Бұл құжатты мақұлдаймыз. Ұлттық экономика министрлігі мен Павлодар облысының әкімдігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге жоспар іс-шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін», деді Асқар Мамин.