Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021

Екібастұздықтардың орташа жалақысы 321 мың теңгеге дейін өседі

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұз қаласының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 2025 жылға қарай бес есеге ұлғаяды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұздықтардың орташа жалақысы 321 мың теңгеге дейін өседі

«Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай өнеркәсіп көлемінің 22%-ға, ШОБ өнімін шығарудың 38,2%-ға өсуін қамтамасыз етеді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2025 жылға қарай бес есеге артады», деді Әсет Ерғалиев.

Министр атап өткендей, 16,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, орташа айлық жалақы 321 мың теңгеге дейін өседі.

«Шамамен 200 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жалпы, кешенді жоспарды іске асыру қала экономикасының өсу қарқынын арттыруға және халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді Әсет Ерғалиев.