Талдықорғанда 300 орындық балабақша ашылып, сәбилермен олардың ата-аналары шадыман-шаттыққа бөленді. Негізі бұрындары жекеменшікке өтіп кеткен балабақша ғимаратын Елбасы тапсырмасына сәйкес мемлекет меншігіне 2012 жылы қайтарып, оны күрделі жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 469,7 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. «Құлыншақ» атына ие болған балабақшаны Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов ашып: «Әр бүлдіршін қамқорлық пен аялы алақан табын сезініп өсуі керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауында жан-жақтылы айтқаны мәлім. Сондықтан жетісулықтар мектепке дейінгі білім беруде де өзіндік орнын осылай айшықтай береді», – деді. «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында алғашқы қадамын басқан бөбекжайға бұл күні кірген жан разы болып тек алғыстарын ағытты. Енді ше, табалдырықты аттағаннан табан таймайтын орнықтылық пен баспалдақтан көтерілер жиектердегі ұстағыштың да қолжетімділігі бала сеніміне ие болып, ата-ана көңілін орнықтырса, қабырғаларға ілінген картиналар сол балалардың өз қолдарымен салғандай әсерге бөлейді. Тізбелей берсеңіз балалар қажеттілігінің барлығы табылып, озық ойдың қайнар көзі ашылғандай тәнті ететіні тағы бар.

Осы тұста айта кетер бір жайт, түрлі себеппен кейбір балалар ағзасында жүре пайда болып, дәрігерлік кеңес пен әлеуметтік қолдау дер кезінде көрсетілсе түзеліп кететін (тіпті бала балалығына басып еренсіздікпен опық жейтін) кемшіліктерді жоятын, яғни байыппен бейімдейтін арнайы 60 орындық 4 топ ашылды.
Былтырғы жылы 32 балабақша пайдалануға берілсе соның ішінде 3 балабақша республикалық бюджет есебінен жаңадан салынды. Биыл Жетісу жерінде 9 балабақша, 4 мектепке дейінгі мекеме күрделі жөндеуден өткізіліп, 13 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы мекеме ашылады.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы.