Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021

Екібастұзды көмірге тәуелділіктен арылту көзделуде

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұз қаласының экономикасын әртараптандыру туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Екібастұзды көмірге тәуелділіктен арылту көзделуде

Өңір әкімінің баяндауынша, кешенді жоспардың негізгі мақсаты – көмірге сұраныстың азаюы жағдайында қала экономикасын жан-жақты әртараптандыру.

«Біріншіден, жеке инвесторлар үшін индустриялық аймақ құрылады. Осыған әлеуетті жобалар пулы да бар. Екіншіден, жаңа және жұмыс істеп тұрған өндірістерді қажетті қуаттармен қамтамасыз ету үшін 2 энергия блогын салу керек. Үшіншіден, көмір өндірісін одан әрі дамыту үшін көмір химиясы ғылыми-зерттеу орталығын құру көзделген», деді аймақ басшысы.