Коронавирус • 21 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталды

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Денсаулық сақтау министрлігі биыл шілде-тамызда коронавирус науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирус инфекциясына генетикалық зерттеу жүргізген. Eta «Нигерия» штамының айналымы 4 өңірде анықталған: Қарағанды - 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан - 1.

«Секвенирлеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында 96 үлгіде штамдар айналымы белгіленген (Delta «үнді штамы» - 57 (59,4 пайыз), Alpha «ұлыбританиялық» - 24 (25 пайыз), «Ухань» коронавирусы - 10 (10,4 пайыз) және Еta «Нигерия» - 5 (5,2 пайыз)», делінген хабарламада.

«Eta» штамның пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды. Аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша «Eta» штамы әлемнің 77 елінде бөлінген, ДДҰ санаты бойынша «бақылауды» талап ететін штамдарға жатады.