Анасы баласын «үйдің адамы еді, ешқайда шықпайтын, жамандық жасамайтын» деп сипаттады.
Соңғы рет әйел баласын 20 қыркүйек күні таңертең жұмысқа кетіп бара жатқанында көріпті.
«Ол - өте тыныш, сабырлы бала. Көбіне үйде отыратын. Біз ешқашан жанжалдасқан емеспіз. Қарым-қатынасымыз жақсы болатын, жалпы өзі ешкімге қарсы келмейтін, төбелесқұмар болған емес», деп түсіндірді ол.
Қазір бұл отбасының пәтері тінтуге алынған.
Бір күн бұрын Пермь мемлекеттік университетінде жас жігіт айналысындағыларға оқ жаудырып, алты адамды өлтірді. 28 зардап шегуші медициналық көмекке жүгінді, олардың кейбіреулері әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.