Сонымен қатар ол Warner Classics компаниясы ұйымдастырған дауыс жазуға және Steinway&Sons тарапынан еуро тур жасауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ Әлім XX-XXI ғасырлардағы үздік туындыларды жақсы орындағаны үшін берілетін Ливерпульдегі корольдік филармония қауымдастығының және medici.tv нұсқасы бойынша көрермен көзайымы сыйлығына ие болды.
Байқау қорытындысы бойынша жапониялық Кайто Кобаяши екінші орын мен күміс медальға ие болса, үздік үштікті израильдік Ариэль Лани түйіндеді.
Музыканттар Ливерпульдегі корольдік филармонияның дерижері Эндрю Манценің сүйемелдеуімен классикалық туындыларды орындады.
Айта кетейік, Әлім – бұл байқауда жеңіске жеткен тұңғыш қазақстандық өнерпаз. 23 жастағы музыкант 2016 жылдың қыркүйегінен бастап Лондондағы корольдік музыка колледжінің магистратурасында оқиды. Бұл оқу орнында ол танымал профессор – Ванесса Латарш пен Дмитрий Алексеевтен дәріс алады.