Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021

Биыл көмір өндірісі айтарлықтай азайды

759 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2021 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанның көмір өндіруші компаниялары 62,8 млн тонна көмір алды. 2020 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда бұл көрсеткіш 0,5%-ға аз, деп хабарлайды Egemen.kz Еnergyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл көмір өндірісі айтарлықтай азайды

Өңірлік бөліністе көмір өндірудің ең үлкен көлемі дәстүрлі түрде Павлодар облысына тиесілі - 37,2 млн тонна, минус 2,3%.

Қарағанды (21,1 млн тонна) және Шығыс Қазақстан (4,2 млн тонна) облыстары да көш басында.

Жалпы, 2020 жылы елімізде 113,4 млн тонна көмір өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,4%-ға аз. Секторда «Богатырь Көмір» ЖШС, «Майкубен-Вест» ЖШС, «Шұбаркөл Көмір» АҚ Еуразиялық тобының (ERG) құрамына кіретін «Ангренсор Энерго» ЖШС және басқа да көптеген компаниялар жұмыс істейді.

Жыл басынан бері тікелей тас көмір өндіру жылына 0,3%-ға, яғни, 58,2 млн тоннаға дейін қысқарды. Соның ішінде 7,9 млн тонна энергетикалық көмір және 5,2 млн тонна кокстелетін көмір өндірілді. Көмір концентратын өндіру 3,1%-ға, яғни, 2,3 млн тоннаға дейін, ал лигнит (қоңыр көмір) өндіру - 3,8%-ға, яғни, 2,3 млн тоннаға дейін қысқарды.

Қазақстандық көмірдің басым бөлігі немесе 80,1%-ы ТМД елдеріне жөнелтілді. Мұнда Қазақстан көмірінің басты импорттаушысы Ресей болды: 10,5 мың тонна - бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,3%-ға аз. Қазақстан да айтарлықтай көлемді Беларуське (1,2 млн тонна) және Украинаға (491,7 мың тонна) жіберді.

ТМД құрамына кірмейтін елдерге 45,2 млн АҚШ доллар сомасына 3,2 млн тонна қазақстандық көмір жөнелтілді. Мұнда басты импорттаушы Швейцария болды - 2,7 млн тонна. Сондай-ақ айтарлықтай көлем Біріккен Корольдікке (191,8 мың тонна) және Түркияға (150,6 мың тонна) жіберілді.