Әлем • 21 Қыркүйек, 2021

Франция Президенті алжирліктерден кешірім сұрады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция Президенті Эммануэль Макрон осыдан 60 жыл бұрын Алжирдің тәуелсіздік соғысы кезінде француз армиясының жағында соғысқан алжирлік сарбаздардан кешірім сұрады, деп жазады Egemen.kz.

Франция Президенті алжирліктерден кешірім сұрады

«Жауынгерлерге ризашылығымды білдіргім келеді. Біз ұмытпаймыз. Қалып кеткен сарбаздар мен олардың лагерьлер мен түрмелерге жабылған жақындары үшін кешірім сұраймын. Франция Республикасы оларға қарыздар», деді Эммануэль Макрон.

Euronews жазуынша, Президент алжир сарбаздарының еңбегін мойындау және келтірілген залалды өтеу туралы заң дайындалып жатқанын хабарлады. Бірнеше қауымдастық мұндай заңды қабылдауға көптен бері ұмтылып келеді. Өтемақы мөлшерін есептеу арнайы комиссияға жүктеледі.

Алжирдің тәуелсіздік соғысы 1954-1962 жылдары болды. 200 мыңға жуық алжирлік француздар жағында соғысқан отрядқа алынды. Соғыс аяқталғаннан кейін олардың көбі Алжирде қалып кетті және қуғынға ұшырады. Ал Франциядан көмек сұраған он мыңдаған адам арнайы лагерлерге жіберілді. Онда өмір сүру жағдайы өте қиын болды.