Сайлау • 21 Қыркүйек, 2021

Канадада Трюдо партиясы жеңіске жетті

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдын ала мәліметтер бойынша, қазіргі Премьер-Министр Джастин Трюдо басқаратын Либералдық партия Канадада мерзімінен бұрын өткен парламенттік сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Канадада Трюдо партиясы жеңіске жетті

Қазіргі мәлімет бойынша Трюдо партиясы 32,2% жинап, 338 сайлау округінің 158-де жеңіске жеткен. 

Трюдо канадалықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып үлгерді. 

«Рахмет, Канада! Либералды командаға сенім артып, жарқын болашақты таңдағаныңыз үшін бәріңізге рахмет. Біз COVID-пен күресті аяқтаймыз. Біз Канаданы алға жылжытамыз», деп жазды ол твиттерде. 

Канададағы Қауымдар палатасы 338 мүшеден тұрады, олардың әрқайсысы бір-бір округтің атынан сайланады. Депутаттар төрт жылға (немесе одан да аз) сайланатын болады. 

Айта кетейік, Трюдо 2015 жылдан бері Канада премьер-министрі қызметін атқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар