– Енді алғашқы сауалға оралайық. Бүгінгі күні 24 жолдама қолда бар. Шаңғышы Геннадий Матвиенко бірер күнде жолдамаға ие болады деген ойдамыз. Фристайлдан Павел Колмаков та Сочиге баратын болды. Тау шаңғысынан Игорь Закурдаев пен сноубордшы Валерия Цой да Олимпиадаға әзірленіп жатыр. «Арық айтып, семіз шыққанға» не жетсін! Олимпиаданың алтыны арманымыз. Жасыратыны жоқ, біз алтынды Полтораниннен күтеміз. Бірақ кейде алтын құстың қолымызға келіп түсетінін ұмытпаған жөн. Өткен жылы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен әлем чемпионатының күмісін олжалады. Негізінде, Тен алтын алуға тиіс болатын. Төрешілер бұра тартып алтынды басқаға жұлып әперді. Фристайлдан халықаралық дәрежедегі Юлия Галышева, Дмитрий Рейхард, Дмитрий Бармашов, Дарья Рыбалова, тағы басқалар намысты қолдан бермес деген ойдамыз. Кім біледі, аты аталған фристайлшылардың бірі медальға ие болып жатса, асығымыз алшысынан туар еді.
Қазір олардың барлығы Өскеменде жаттығып жатыр. Бірер күннен кейін сапарға шығарып саламыз. Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы жақында спортшыларға сәттілік тілеп, батасын беріп, Юлия мен Алексейден медаль күтетінін айтты. Дмитрий Рейхардтың да медаль алуға мүмкіндігі бар. Сноубордтан тұңғыш рет Олимпия ойындарына қатысу мүмкіндігі туып отыр. Валерия Цойды әкесі жаттықтырады. Өткен жылы Валерия халықаралық жарыстарда тамаша нәтиже көрсетті. Үржар ауданының түлегі, шаңғышы Ердос Ахмадиевтің Олимпиадада Қазақ елінің Көк туын ұстап шығатыны біз үшін абырой. Биатлоншы Ян Савицкий, Александр Трифонов, Сергей Наумик, Ольга Полторанина, тау шаңғысынан Игорь Закурдаев, Ирина Молостова, шаңғыдан Елена Коломина, Оксана Яцкая, Анастасия Слонова, тағы басқалар ел намысын қолдан бермес деген ойдамыз.
Әңгімелескен
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше