2021 жылғы 1 маусым мен 31 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында есірткі дайындау және өткізу фактілерін анықтап, жолын кесуге бағытталған «Қарасора» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алтай аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері 25 жастағы қала тұрғынын ұстады, ол өзінің Nissan автокөлігінде аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаған. Криминалдық полиция қызметкерлері фольгамен оралған және таспамен жабылған 115 полиэтилен пакеттерін, қара түсті екі сөмкені, фольга, бір медициналық қолғап, екі ұялы телефон мен құжаттарды тәркіледі.
Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған ақ-сарғыш түсті ұнтақ тәрізді заттар «a-пирролидиналерофенон» психотроптық зат болып табылады. Жалпы салмағы 51,72 грамм. Есірткі құрамында мефедрон психотроптық заты бар екені анықталды. Мефедронның жалпы салмағы - 14,48 грамм.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.